Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті

2021 жылғы 6 қазан күні «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Кулдар Аралбекқызының төрағалығымен Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты. Филиал төрайымы К.Есебаева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына тоқталып, халқымыздың игілігіне бағытталған басты құжатта көрсетілгендей, еңбек адамдарының жағдайын жақсарту жолындағы бірқатар бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар, отырыс соңында Кулдар Аралбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, «Үздік бастауыш ұйымы» байқауының жеңімпаздары мен 10 қазан – Қазақстан Республикасы «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, бірқатар кәсіподақ белсенділерін «Еңбек озаты» төс белгісімен, Дипломмен, Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Жиын соңында кәсіподақ белсенділері өз алғыстарын білдіріп, кәсіподақ көркін қыздыруға дайын екендігін жеткізді.