Дүниежүзілік лайықты еңбек күні аясында аудандағы мектеп есепшілері марапатталды

Шалқар ауданының есепшілері сый-құрметке бөленді.

Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен шарада қаржылық қызметтің заман талабына сай жүзеге асуына өзіндік үлес қосып, тиянақтылық пен жауапкершілік танытып келе жатқан білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясы және білім беру ұйымдарының есепшілерін аудандық білім бөлімінің басшысы А.Абдыков пен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Құлекенова мерекемен құттықтады.

Сала үздіктеріне аудандық және облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы мен гүл шоқтарын табыстады.