kokshetautv.kz: “ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ”

ДИКТОР: 2019 Қазақстан Республикасының  Үкіметінің қаулысымен, 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні деп бекітілді. Облыста мыңнан аса бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Бүгін салтанатты түрде мереке иелерінің көпжылғы еңбек тәжірибелері еленді.  Мереке иелерін облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов құттықтады.

РКС: Қай қоғамда болмасын, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында жалақы төлемеу, жұмысшы құқығын шектеу сияқты түйткілдердің туындап жататыны жасырын емес. Кейде еңбек даулары сот арқылы шешіледі. Осындай жағдайды ушықтырмай, мәселені оңтайлы шешуде үлкен рөл атқаратын қоғамдық маңызы зор  бірден-бір институт – кәсіподақ ұйымы. Облыстық кәсіподақтар ұйымына 10 облыстық салалық филиал, 27 жергілікті және 1177 бастауыш кәсіподақ  ұйымы кіреді. Кәсіподақта 79 мыңнан аса ұйым мүшесі бар.

СНХ: МҰХТАР ТІНІКЕЕВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Кәсіподақ және олардың бірлестіктерінің рөлі ерекше.Елімізде кәсіподақ қызметін жаңартуда жаңа серпін берді.Бұл күн кәсіподақтар үшін маңызды күн.Біз соларды құттықтауға келдік.Қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған әлеметтік бастамалар мен өзекті міндеттерді жүзеге асыру біз үшін өте маңызды.Кәсіподақтар әрқашан азаматтық қоғамның негізгі тіректері болып қала береді.

РКС: Шара барысында бірқатар кәсіподақ мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

СНХ: ЛЮДМИЛА МАТАРЫКИНА, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ: Кәсіподақ ұйымы атқарып жүрген іс-шаралар ауқымды. Бірақ алдағы міндеттер бұдан да орасан зор деп білеміз. Ал оны жеңетін бірақ күш бар. Ол бірлікте деп санаймыз.Халықтың бірлігі, кәсіподақтың бірлігі.Мерекелеріңіз құтты болсын.

РКС: Кәсіподақтар ұйымы әр ұжымда болу керектігін Елбасы атап өтті. Оның тиімділігін әлемдік тәжірибеден көруге болады. Ал, кәсіподақтар күніне арналған мерекелік шара  концертке ұласты.

https://kokshetautv.kz/kz/news/society/kazakstan-kesipodaktar-kuni