petropavltv.kz: “ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ”

Петропавлда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстанның кәсіподақтары күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Жиын барысында кәсіподаққа мүше – түрлі сала өкілдері марапатталып, кәсіподақ ардагерлерінің аллеясына шыршалар отырғызылды.

Қазақстанның Кәсіподақтар күні қарсаңында облыста кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясына ағаш отырғызу жылдағы дәстүрге айналған. Обылс әкімінің орынбасары Ғани Нығметов одақ мүшелерін құттықтап, акцияға ат салысты. Бұл күні аллеяға сібір шыршасының 30 көшеті отырғызылды.

КАЙРАТ ҮСТЕМІРОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

–   «Жыл сайын көшет отырғызу рәсімі өткізіліп тұрады. Кәсіподақтар аллеясындағы ағаштарды ардагерлер, белсенділер қадағалап, күтімге алған. Бұл жақсы дәстүр. 2019 жылдан бастап жылына екі рет аллея жаңа ағаштармен толығуда.»

Кәсіподақ қозғалысы аллеясына барлығы 90-нан астам шырша отырғызылған. Акцияға қатысушылардың арасында  кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы  республикалық конкурсында  жеңімпаз атанғандар да бар. Жалпы салалық байқауға 31 бастауыш ұйым қатысты.

ИЛЬМИРА ШІЛДІКЕНОВА ,ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

– Біздің ұйымда 72 адам бар. Ол балабақша ұжымы. Біз мүшелерімізді қамқорлыққа алып, көмек көрсетіп тұрамыз. Зейнеткерлерді де ұмытпаймыз. Жалғыз басты аналарға да көмектесеміз. 

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Біздің ортақ мүддеміз бар. Жұмысшыларымыз лайықты еңбекақы алу үшін, өмір сүру деңгейін жылдан жылға арттыру үшін тырысамыз. Біз алдағы уақтта да осы бағытта белсенді жұмыстар атқарамыз.

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2 мыңнан астам ұжымдық шарт жасалды. Бұл облыстағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 96 пайызын құрайды.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, СҚО КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кәсіподақ қозғалысының белсенділері мен ардагерлері мереке күні Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттталды. Алғысқа бөленгендердің арасында Марина Славная да бар. Ол 5 жыл  кәсіподақта қызмет атқарады.

МАРИНА СЛАВНАЯ, СҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

– «Кәсіподақ, ең алдымен қызметкерлерді жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттерінен қорғайды. Қазіргі уақытта бұл өте өзекті мәселе. Бүгін мен күтпеген жерден алғысқа бөлендім. Менің еңбегімді бағалағандары үшін рахмет айтамын.»

2021 жыл бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы болып жарияланды. Жалпы кәсіподақ жұмысының нәтижелілігі салалық және бастауыш ұйымдардың қаншалықты тиімді екендігіне, оларды кәсіподақ мүшелері қаншалықты қолдайтынына, бастауыш кәсіподақ ұйымының алдында тұрған міндеттердің қаншалықты сауатты шешілетініне байланысты.

https://petropavltv.kz/kz/news/culture/kazakstannyn-kesipodaktar-kuni