«Келешек» жастар кеңесінің еріктілері Шымкент қаласының және Түркістан облысының кәсіподақтарын 10 қазан – кәсіподақтар күнімен құттықтады.
Мереке қарсаңында жастар кәсіподақ ардагерлері мен қызметкерлеріне гүл шоқтарын табыстап, бүгінде еңбек адамы – кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек жағдайындағы озбырлыққа жол бермеу, өз мүшелерін әлеуметтік қорғау, әділетті де лайықты жалақы төлеу, оңтайлы еңбек жағдайын жасау бағытында атқарған жұмыстарына алғыс айтып, сәттілік тіледі.