2021 жылғы 10 қазанда Павлодар облысының тау-кен металлургия кәсіпорындарының спорт командалары Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнін спорт алаңдарында қарсы алды.
Мереке күні “Қазақстан алюминийі” АҚ, “KSP Steel” ЖШС, “Қазхром “ТҰК” АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ, “ERG Servise” ЖШС кәсіпорындарының спорт командаларының қатысуымен шағын спартакиада өтті.
Әлеуметтік әріптестікте әрекет ете отырып, кәсіпорындардың басшылығы кәсіпорындардағы кәсіподақ комитеттерімен бірлікте спортты дамытуға және қызметкерлерді сауықтыруға ерекше көңіл бөледі, кәсіпорындарда спортты дамытуды қарастыратын ұжымдық шарттар әрекет етеді.
Шағын спартакиада салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, кәсіпорындар қызметкерлері арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын жетілдіру, әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында өткізілді.
Шағын спартакиадаға қатысқан әр кәсіпорынның командалары спорттың үш түрі волейбол, футбол, стритбол бойынша өнер көрсетті.
Спорттық жарыстың барлық қатысушылары эмоционалды өрлеудің, спорттық күрестің жоғары қарқындылығының куәсі болды, бұл мереке атмосферасын құруға ықпал етті. Жарыстар эпидемияға қарсы қатаң шараларды сақтай отырып, стадиондарда көрермендерсіз өтті, ал барлық қатысушылар – коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған кәсіпорындардың қызметкерлері.
Салауатты спорттық күресте Павлодар өңірінің тау-кен металлургия саласындағы барлық кәсіпорындарының мықты командалары мен достығы жеңіске жетті.
Барлық спортшыларды спартакиаданың аяқталуымен құттықтай отырып, “ERG Servise” ЖШС Бас директоры Петухов Сергей Валерьевич Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күнімен құттықтап, барлық командаларға қатысушыларға спорттық жетістіктері үшін алғыс айтып, жаңа өндірістік және спорттық жеңістер тіледі.