«Қызмет» салалық кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумына ҚР «Қызмет» Салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, Ақтөбе облысы кәісподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрғасы Алтынбек Әмірғалиев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова және Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары филиалдарының жетекшілері мен бастауыш кәсіподақ ұйым өкілдері қатысты.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің мүшесі, «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ жұмысын одан әрі жандандыруға бағытталған бастамалар туралы кеңінен хабардар етті.
— Кәсіподақтың әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі негізгі механизмі — әлеуметтік әріптестік келісім. Бұл бағытта Кәсіподақтар федерациясы 25 салалық және 17 аймақтық келісім жасады. Бүгінде сол келісімдер нақты жұмыс жасауда, — деді Мирболат Жақыпов.
Сонымен қатар ол өңірдің кәсіподақ қозғалысының дамуы жолында еңбек етіп, зор үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, белсенді азаматтарды Кәсіподақтар федерациясы атынан Алғыс хатпен марапаттады.
Бірқатар азаматтарға «Еңбек озаты», «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» және «Кәсіподақ ардагері» медальдарын да табыс етті. Шара соңында «2021 жыл бастауыш кәсіподақ» жылы аясында ұйымдастырылған байқаулар қорытындысымен үздік деп танылғандар:
1. «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2021» байқауының жеңімпазы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті,
2. «Үздік ұжымдық шарт -2021» жеңімпазы «Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ,
3. «Үздік кәсіподақ бұрышы -2021» жеңімпазы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ,
4. «Үздік бейнеролик-2021» жеңімпазы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалына бағалы сертификаттар табысталды.