Шымкент қаласында өткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының құрамындағы Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы қатысушыларына “Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Заң клиникасының” филиалы бойынша ақпарат беріліп, брошюралар таратылды.
Ақпараттық жұмыстарды «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Айгерім Әлиева жүргізді.
Заң клиникасында тәжірибелі заңгерлер, медиаторлар, психологтар, сондай-ақ құқық қорғау, білім беру жүйелерінде, мемлекеттік құрылымдарда, заң компаниялары мен қоғамдық ұйымдарда қызмет еткен мамандар кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес береді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Заң клиникасы” филиалына құқықтық кеңестер алу үшін Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 49 “Заң клиникасы” кабинеті немесе +7 (778) 589-55-55 нөмеріне хабарласа аласыздар.