ernur.kz: “Шымкентте Бастауыш кәсіподақтар ұйымының форумы өтті”

Форумның мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін өзектендіру. Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Кәсіподақтар күніне орай өңірлік «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары форумы» өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Форумға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия төрағасының орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Бердіғали Жәмшидұлы, салалық кәсіподақ төрағалары, бастауыш кәсіподақ мүшелері қатысты. Форумның мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін өзектендіру, еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін нығайту, кәсіподақ бірлігі мен кәсіподақ мүшелерінің ынтымақтастығын дамыту және кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибелерді насихаттау. Форумға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысына елеулі еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға ҚР Кәсіподақтар Федерациясының марапаттарын табыстады. Оның ішінде тұңғыш рет табысталған «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен Қуандықов Барлыбай Сапаралыұлы, «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен Мырзагелдиев Анарбек Оразбекұлы және «Еңбек озаты» медалімен екі азамат және бірқатар азаматтар ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Бұдан бөлек, форумда кәсіподақ белсенділеріне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және салалық кәсіподақтар тарапынан да марапаттар табысталды.

http://ernur.kz/kazakstan/nur-sultanda-bir-kunde-60-tan-asa-zhol-apaty-tirkeldi