Ұстаздар жарысты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Кәсіподақ қызметкерлері күніне орай №157 жалпы білім беретін мекеменің алаңында Алматы қаласы Наурызбай ауданының мұғалімдері арасында минифутболдан жарыс өткізілді.

Жарыс Наурызбай ауданы бойынша “Ұстаз” қалалық жергілікті кәсіподақ ұйымымен ұйымдастырылған. Жарыстың мақсаты – мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және минифутболдан аудан құрама командасын жасақтау.

Жарыс жұқпалы індет кезіндегі шараларды сақтай отырып өткізілді. Жанкүйерлер шақырылған жоқ. Ойын уақытында стадионда ойыншы командалар және төрешілер ғана болды.

Жарыс қорытындысы бойынша №188 МГ – І-ші, №186ЖББМ – ІІ-ші және №176 МГ – ІІІ-ші орынды иеленді. Жүлдегер командаларға дипломдармен бірге арнайы кубоктар тапсырылды. Сонымен бірге ерекше ойындарымен көзге түскен ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша мадақтау қағаздары тапсырылды.