Дүниежүзілік психикалық денсаулық федерациясының бастамасымен 1992 жылдан бастап 10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін өткізудің мақсаты – депрессия, шизофрения, Альцгеймер ауруы, нашақорлық, ақыл-ой кемістігі және басқа да психикалық бұзылулардың таралу проблемаларына назар аудару, олардың санын азайту және аурудың алдын алу.
Бүгін “Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ КМК психиатр-нарколог дәрігері, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ кәсіподағының мүшесі Талғат Құлманқадырұлы Бигельдиновтың кәсіби қызметі туралы айтпақпыз.
Талғат Құлманқадырұлы Семей мемлекеттік медицина академиясын “Емдеу ісі” мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, 2007 жылы Павлодар қаласының 1-ші қалалық ауруханасында “Жалпы практика дәрігері” мамандығы бойынша интернатураны табысты аяқтады.
Еңбек жолын 2008 жылға дейін Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының дәрігерлік амбулаториясында жалпы практика дәрігері болып бастаған. 2008 жылы “Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты” РМҚК “Психиатрия” мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. 2009 жылы Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына психиатр дәрігер лауазымына қабылданды.
Жұмыс істеген жылдары өзін жоғары білікті, сауатты, талапшыл және әдепті маман ретінде көрсетті. Ол жауапкершілік, еңбекқорлық, стресстік жағдайларда ұстамдылық, ұқыптылық, лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды орындау кезінде адалдық сияқты қасиеттерге ие.
Жұмысқа өте жауапкершілікпен қарайды, бөлімше меңгерушісінің міндетін бірнеше рет атқарған. Әрбір пациентке жеке көзқарас қолданылады. Оларды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша толық ақпарат береді. Емдеу тактикасын және денсаулықты одан әрі сақтау бойынша ұсыныстарды мұқият таңдайды.
Талғат Құлманқадырұлы өзінің кәсіби өсу мәселелеріне де ерекше көңіл бөледі, түрлі конференцияларға, съездерге, симпозиумдар мен семинарларға белсенді қатысады. Өзінің іргелі білімін, жаңа инновациялық технологиялар мен әдістемелерін практикалық қызметте пайдаланады. “Суицид туралы не білу керек” семинарын ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен көмегі үшін Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының “Жастар бастамалары орталығы” КММ-нің Алғыс хатымен марапатталды.
Ғылыми-клиникалық журналдарда және медициналық басылымдарда тезистер мен мақалалардың жарияланымдары бар. Әріптестер мен пациенттер арасында үлкен құрметке ие. Өз ұжымының қоғамдық және кәсіподақ өміріне белсенді қатысады.
Талғат Құлманқадырұлы өзінің барлық еңбек жолында аурухана әкімшілігінің, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының наградаларымен марапатталды.