Мұғалімдер арасында спартакиада өтті

Мұғалжар ауданының педагогтары үстел теннисінен сынға түсті.

Спартакиада 8-9 қазан күндері аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен ұйымдастырылды.

Мұғалімдер командалық және жекелей жарыста бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде №2 Ембі қалалық ЖББОМ командасы 1-орынға, №5 Қандыағаш қалалық ЖББОМ командасы 2-орынға, №4 Қандыағаш ЖББОМ 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі және кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жарыста жүйрік атанып, оқ бойы озық көрінген педагогтар облыстық мұғалімдер спартакиадасында аудан намысын қорғайтын болады.