Салтанатты шара барысында Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев пен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының төрағасы Тұрақбай Алдабергенов Республикалық ветеринарлық зертхананың Ақтөбедегі бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.
Мерекеге орай «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі мен ұзақ жылдарғы жемісті еңбектері үшін Қобда аудандық ветеринарлық зертхананың меңгерушісі Сергей Ломовцев, Хромтау аудандық зертханасының лаборанты Әлия Даирова және Республикалық зетрхананың Ақтөбе облыстық филиалының аға ветеринарлық дәрігері Абзал Байман марапатталды. Және Салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалы тарапынан құрмет грамотасымен Қарабұтақ аудандық ветеринарлық зетрханасының меңгерушісі Татьяна Кочегулова мен Мартөк аудандық зертханасының лаборанты Лариса Марар марапатталды.
Кәсіподақтар күніне орай ұйымдастырылған кездесуде бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы бастауыш ұйым төрағасы Самғат Есмұханов таныстырды.
Кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс берушімен ұжымдық шарт арқылы еңбеккерлердің құқығын қорғауда біраз басталамаларды іске асырып келеді. Кәсіподақтың күші бірлікте екенін еңбек адамдары шын мәнінде сезініп келеді. Ұжымда әлеуметтік кепілдемелер жақсы іске асырылып отыр.