ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Елдің басты байлығының бірі саналатын орман шаруашылығының экологиялық және экономикалық маңызы зор. Бұл мереке осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мамандардың адал еңбегіне деген құрметті қалыптастырады.

Сіздердің ел байлығын еселеуде атқарып отырған еңбектеріңіз, еліміздің дамуына қосып отырған үлестеріңіз –жас ұрпаққа үлгі.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге бүгінгі мерекеде өмірлеріңіз шуақты, денсаулықтарыңыз зор,табыстарыңыз мол болуын тілеймін!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин