2021 жылғы 15 қазанда Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар филиалының құрылымына кіретін медициналық мекемелердің келісу комиссияларының мүшелері – денсаулық сақтау мекемелерінің 80 қызметкеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
“Келісу комиссиясында жеке еңбек дауларын қарау” тақырыбындағы оқыту семинары шектеу шараларын ескере отырып, ZOOM платформасында онлайн түрде өтті.
Келісім комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайынғы оқытудан өтуге міндетті.
Семинардың теориялық бөлімінің қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек заңнамасы бойынша кейстік міндеттерді шешті.
“Жыл сайын денсаулық сақтау мекемелерінің келісу комиссиясының мүшелерін оқытуды Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі оқудан өткені туралы сертификаттар бере отырып жүргізеді, бұл сотқа жүгінбей еңбек дауларын дұрыс қарау үшін еңбек заңнамасы бойынша білім алудың жоғары деңгейіне кепілдік береді”, – деп “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы ” РҚБ Павлодар филиалының төрайымы С. Ч. Төлегенова алғыс білдірді.