Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Алғыс хатымен “Богатырь Көмір” ЖШС атқарушы аппаратының өндірісті дамыту қызметінің бас технологы Қымбат Құрманғалиева марапатталды.
2021 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясында “30 Еңбек елшісі” Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық конкурстың қорытындыларын шығару кезінде “Богатырь Көмір” ЖШС бас технологы Қымбат Құрманғалиева Еңбек және кәсіподақ қызметіндегі нақты жетістіктері үшін жоба жеңімпаздарының бірі болып танылды.
Жас маман ретінде 7 жыл бұрын ол инженер лауазымына жұмысқа орналасты, жоғарылауға қол жеткізді және қазір кәсіпорынның өміріне де, кәсіподақ қозғалысына да белсенді қатысады.
– Өте қызықты және көп қырлы жұмыс, – деп бөлісті Қымбат Құрманғалиева. – Маған өз қызметім саласында да, компанияның жастар қозғалысында да, кәсіподақта да қызық.
Жергілікті “Батыр Көмір” кәсіподағында алғашқы жұмыс күнінен бастап жұмыс істеймін, қазір кәсіби топтың мүшесі болып табыламын – кәсіподақ комитетінің қызметкерлермен өзара іс-қимыл жасауына көмектесемін”, – деді Қымбат Құрманғалиева.