Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы 1993 жылғы 08 желтоқсандағы №2572- ХІІ ҚР Заңына сәйкес, 2021 жылдың 15 қазан күні Түркістан облысы аумағында жаңадан құрылған Сауран ауданының білім саласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан құралған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық кәсіподақ комитеті филиалының алғашқы жиыны өткізілді.
Аталған ауданда 12 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, 1002 адам мүшелікке тартылды.
Жиын басында сөз алған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Ж.Шайдулла Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтой қарсаңында жаңадан ашылған кәсіподақ филиалының сайланған басқару органдары мен төрағасы И.Исатаевты, білім саласының кәсіподақ ұйымының белсенді қатысушыларын шын жүректен құттықтап, бастаған істеріне сәттілік тіледі.