«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне қарасты білім беретін мекемелерде жыл сайынғы өткізілетін «Мектепке жол» акциясы бойынша тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар мектепке қажетті құрал-жабдықпен түгел қамтылды.
Аталған шара аясында жыл сайын 1 миллион теңгеден астам қаржыға мектепке қажетті құрал-жабдық сатып алынады.
Бұған қоса, биыл Шымкент қалалық кәсіподақ комитеті аппараты тарапынан № 11, №27, №2, №52 балалар бақшасының тәрбиеші көмекшілерінің балаларына акция шеңберінде 100 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Балаларға мектепке қажетті құрал жабдықтар, сөмкелер алып берілді. Шымкент қалалық кәсіподақ комитеті «Мектепке жол» акциясына жыл сайын белсенді түрде қатысады.