Кәсіподақ ұйымдастырған тимбилдинг командалық жұмыстың бірлігін нығайтты

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес қазіргі заманғы жағдайда кәсіподақтар лайықты өмір мектебі, өзін-өзі басқару мектебі, қызметкерлер үшін қоғамдық әлеуетті дамыту мектебі болуға тиіс.

2021 жылдың 16 қазанында “ПАВЛОДАРЭНЕРГО” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен “Энергетик” демалыс үйінде тимбилдинг өткізді.

Тимбилдинг бағдарламасы бойынша оқыту, конкурстар, квесттер өткізілді.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Б.Төлеубаев “Қазақстан кәсіподақтары, құрылымы және олардың өзара іс-қимылы” тақырыбындағы баяндамасында ҚРКФ-ның аумақтық кәсіподақтар ұйымдарымен, салалық және жергілікті кәсіподақтармен өзара іс-қимылы туралы айтып, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Тимбилдингтің негізгі мақсаты – ұйымшыл ұжым құру, онда әрбір қатысушы тиімді “командалық ойыншы” болып табылады, бұл ретте команда тұтастай алғанда тиісті жұмыс қабілеттілігін көрсетті, барынша мүмкін болатын “пайдалы әсер коэффициентін” қамтамасыз етті, мақсаттарға қол жеткізу үшін стандартты емес шешімдерді табу қабілетін көрсетті.

Кәсіподақ тимбилдингі қызметкерлердің еңбек іс-әрекетінің уәждемесін арттыру міндетін орындауға мүмкіндік берді, кәсіподақ командасындағы бірлік сезімін нығайтуға және ортақ мақсатты түсінуге, кәсіподақ мүшелері арасындағы барынша пайдалы өзара іс-қимылды үйретуге мүмкіндік берді, белсенді кәсіподақ мүшелері-қызметкерлердің психологиялық жүктемесін жеңілдетуге ықпал етті.

Керемет ауа-райы, таза ауа, бадминтон, волейбол ойындары белсенді демалуға ықпал етті, демалыс үйінің аумағында серуендеу тимбилдинг қатысушыларына ұмытылмас іс-шара ретінде есте қалады. Барлығына белсенді ойын үшін сыйлықтар және сұрақтарға жауаптар берілді.

“Демалыс үйінде өткізілген күн үшін “Павлодарэнерго” кәсіподағының белсенді мүшелерінің ұйымшыл командасы жағымды эмоциялық сезімдер мен эмоциялар алды, таза ауада қозғалмалы және ақыл-ой ойындарына қатысты, дәмді түскі ас пен шай ішу кезінде достасты, сенімді арттырды және достықты пен бірлікті нығайтты”, – деп бөлісті төраға Б.Төлеубаев.