“Nur Otan” партиясының “Бақытты отбасы”- “Счастливая семья” партиялық жобасын іске асыру шеңберінде Павлодарда Камзина 20/1 мекенжайы бойынша орналасқан отбасылық ХҚКО ғимаратында Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Д.Айтжанова, облыстық мәслихат депутаттары, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының депутаттық фракциясының мүшелері – “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы С.Абдраманова және “Nur Otan”партиясы облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Стрелковская азаматтарды бірлесіп қабылдауға қатысты.
Қабылдауға өтініш білдіргендердің бірі балаларды асырап-бағу бойынша ата-ана міндеттерін өз еркімен орындаудан жалтарған әкесінен кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы заңдық консультациялық қолдау көрсету мәселесі бойынша жас балаларды өз бетінше тәрбиелеп отырған ана болды. Қабылдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалы қажетті заңгерлік консультациялық қолдау көрсетті, онда Павлодар қалалық сотына кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы өтініштің үлгісі жасалды, өтініш тұрақты бақылауға алынды.
Қазіргі уақытта Павлодар қалалық сотының сот бұйрығы бойынша кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алынды.
“Nur Otan” партиясы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау ұжымдық шарттардың әлеуметтік бөлімдері бойынша кәсіпорындарда және “Мектепке жол” республикалық акциясы шеңберінде жүргізіледі.