Орман шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Қазан айының үшінші жексенбісі орман және жануарлар дүниесін қорғап-сақтауға, молайтуға өз үлесін қосып жүрген қызметкерлердің «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл айтулы мереке «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де аталып өтілді.

Салтанатты жиынды Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев құттықтау сөзімен бастап, салтанатты шара әрі қарай мерекеге орай еңбеккерлерге алғыс хаттар мен медалдарды табыстаумен жалғасты.

Орман шаруашылығына қосқан үлесі мен көпжылдық еңбектері үшін «Еңбек даңқы» медалдарымен  Ғалымжан Жеңісбекұлы мен Ғани Кулбаев марапатталды. Құрмет грамоталары Мереке Қуатбекқызы, Алима Умурзаковаға табысталды.

Жиын соңында қорық аумағында әртүрлі ағаштар мен көшеттер отырғызылды.