«Ұжымдық шарттың бүгінгі таңдағы рөлі, мақсаты мен мазмұны» тақырыбында семинар өтті.​​​​​​​​

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 20 қазанында «Ұжымдық шарттың бүгінгі таңдағы рөлі, мақсаты мен мазмұны» атты семинар өтті.​​​​​​​​​

Семинарды «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Н.Мұханов ашып, семинарға қатысып отырған Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Ш.Ермекбайұлын, Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының басшысының орынбасары Г.Базаралиеваны таныстырып өтті. ​​​​​​​​Семинарға кәсіподаққа қарасты мекемелердің бірінші басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілері, кадр бөлімінің басшылары, заңгерлер қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, білікті маманнан тұшымды жауаптарын алды.

Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының заң клиникасының заңгері Наталья Храмова Еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен Ұжымдық шартқа байланысты көптеген мәліметтер берді. Семинарға қатысушылар білікті мамандардың қатысуымен осындай семинарлар мен оқуларды әрдайым ұйымдастырылып тұрғанын қалайтындарын, семинар барысында тың мағлұматтар алғанын тілге тиек етіп тарасты.