Кеше ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған делегация Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының (ХКК) кеңсесіне сапары аясында Кәсіподақтар құқықтары бойынша департаментінің директоры Джерун Бейнаерт және Теңдік департаментінің директоры Паола Симонеттимен кездесті. Тараптар кәсіподақтардың құқықтары мен бостандықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік және еңбек саласындағы түрлі науқандар мәселелерін талқыланды.
Бұдан бөлек делегация Бельгия Либералды кәсіподақтары жалпы конфедерациясының (CGSLB) өкілі Мареза Ле Румен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Бельгия кәсіподақтарының әлеуметтік әріптестік пен ұйымдастыру жүйесін дамыту бойынша тәжірибе алмасып, жұмысшылардың құқықтарын қорғау әдістерімен танысты.
ХКК -дағы кездесулердің нәтижелері бойынша тараптар қызметтің әр түрлі бағыттары бойынша өзара іс -қимыл мен ынтымақтастықты жалғастыратыны туралы уағдаласты. Сонымен бірге бірлескен іс -шаралар жоспары әзірленетін болады.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы