«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚҚ Ақтөбе облысы филиалы мен Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен қазақ халқының қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туған күніне салтанатты шара өткізді.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтарды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу, ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру, елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу.
Іс шара кезінде Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғы қойылды.
«SENIM» Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Қайрат Сабыр «Үздік оқуы және кәсіподақта адал жұмысы үшін» атты стипендиясының сертификаттарын Ақтөбе Жоғары медициналық колледжінің 5 студентіне табыстады.
Сонымен қатар, оку орнының директоры атаулы шәкіртақылар да табыстады.
Салтанатты шарада “Мәншүк – қайсар қаһарман” әнінің тұсаукесері болды. Сөзі – Мұсағали Тасқаиевтікі, әні – Орынгүл Исмагулованыкы. Жаңа әнді колледж студенттері орындады.