Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына – 150 жыл

Оралда Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 150 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» халықаралық конференциясы өтті.

Облыстық кітапханада кәсіподақ ұйымы 1960 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қызметкерлердің 60%-дан астам бөлігі – белсенді кәсіподақ мүшелері. Өңірдің мәдениет, спорт және ақпарат саласы кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ішінде әркез ізденімпаз, еңбекқор ұйым ретінде танылып келеді. Мекеменің мерейтойы қарсаңында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлова БҚО мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсеновты, Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директоры Ш.Уразаеваны «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, бірқатар кәсіподақ мүшелерін Құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапаттады.

«Атамекен» өнер ордасында өткен іс-шараға Нұрсұлтан қаласынан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Алматы қаласынан ҚР Ұлттық кітапханасы және еліміздің барлық облыстардың кітапханалары директорлары, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлова, “Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” БҚО ҚБ төрағасы А.Батырханов, өңір белсенділері қатысты.

Мерейтой аясында конференциялар, оқулар мен байқаулар өткізіліп, кітапхана жанынан кітапхана мұражайы ашылды.