Юрий Литвинов 2017 жылдан бастап «Қорғау» көміршілер кәсіподағының «Құрылысмет» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып табылады.
«Құрылысмет» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы – «Қорғау» көміршілер кәсіподағының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (төрағасы – Евгений Буслаев). Кәсіподақ комитетінің төрағасы мен мүшелерінің белсенді іс-қимылдарының арқасында кәсіпорында кәсіподақ мүшелерінің саны айтарлықтай өсті. «Құрылысмет» ЖШС ұжымының 1120 қызметкері кәсіподақ мүшесі болып табылады.
Юрий Михайловичтың мемлекеттік және өндірістік тәжірибесі зор, қысқа уақыт ішінде бірқатар өзекті шешімдер қабылдап, кәсіподақ ұйымының қызметін едәуір жандандыруының арқасында әріптестерінің арасында үлкен құрмет пен жоғары беделге ие.
«Құрылысмет» ЖШС-де «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтін ұжымдық шарттан айырмашылығы бар жеке ұжымдық шарт жасалды. Еңбекақы төлеу, нормативтік санды сақтау, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктерді төлеу мәселелері – кәсіподақ комитетінің үнемі назарында.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Құрылысмет» ЖШС басшылығымен келіссөздер барысында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпорын қызметкерлеріне жалақыны индекстеудің бірінші жартысы төленді, бұл тарифтік мөлшерлемелер мен айлықақылардың 3,75%-ға артуына алып келді. Сондай-ақ, талап етілетін экономикалық көрсеткіштердің ішінара орындалуына қарамастан, ағымдағы жылдың сәуір айында «Құрылысмет» ЖШС барлық қызметкерлері жүргізілген күрделі келіссөздерден кейін 2020 жылдың қорытындысы бойынша қосымша төлемге қол жеткізді. Бұдан басқа, 2020 жылғы 15 желтоқсанға 150 000 теңге мөлшерінде біржолғы сыйақы (компанияның 25 жылдығына орай 125 000 теңге бонус және жұмыскерлерге 25 000 теңге мөлшерінде қосымша төлем) төленді.
«Құрылысмет» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің маңызды бағыттарының бірі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. Құрылымдық бөлімшелерде еңбекті қорғау жөніндегі 17 қоғамдық техникалық инспектор жұмыс істейді, олар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыс орындарында салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша ішкі бақылау жүргізеді. «Құрылысмет» ЖШС кәсіподақ комитетінің техникалық инспекторларының табысты жұмысы басқа кәсіподақ комитеттеріне үлгі болып табылады.
Кәсіподақтың 118 мүшесіне материалдық қолдау көрсетіліп, 18 қызметкерге мақсатты пайызсыз несиелер бөлінді. Ұжымдық шарттың 7.5-тармағына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерді мерейтойларына, кәсіби және мемлекеттік мерекелерге орай 714 қызметкер ынталандырылды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп жарияланған жыл және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы «Қорғау» көміршілер кәсіподағының «Құрылысмет» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы үшін нәтижелі және жемісті өтуде.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумында 2021 жылғы 8 қазанда өткен республикалық конкурстың қорытындысы бойынша осы бастауыш кәсіподақ ұйымы өз саласындағы Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы деп танылды.