Өтебаев Әділ Әбдіқалықұлы 1960 жылдың 26 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Энгельс колхозында туған. Кәсіподақтағы жалпы жұмыс өтілі – 45 жыл.
Әділ Әбдіқалықұлы Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметін атқарған мерзімде өзін білікті, іскер, тәжірибелі және талапшыл басшы ретінде, бұған қоса, атқарған қызметінде әрдайым өзіне тән принциптілік, табандылық және мақсаткерлік қасиеттерін көрсете білді. Өзінің қызметінде бастамашыл, ұйымдастыру қабілеттері жоғары, білімі мен тәжірбиесін қызметте шебер қолдана біледі.
Көптеген жылдар бойы басқарушылық тәжірибесі бар, өз міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде орындайды. Мемлекеттік еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын мүлтіксіз ұстануда.
Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде және филиалдың тексеру комиссиясының төрағасы ретінде қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып, кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.
Әділ Өтебаев 2021 жылы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.