30 қазан күні Шыңғырлау ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ауыл шаруашылығы күніне орай Ұлттық ат спорты түрлерінен облыстық турнир өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігі төрағасы А.Давлетжанов сала қызметкерлерін құттықтап, бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелерін марапаттады.
Екі күнге созылған дүбірлі додаға облыстың Орал, Теректі, Ақжайық аймақтарынан келген және жергілікті спортшылар қатысты.