2021 жылғы 3 қараша күні «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атқару комитетінің кезекті онлайн-отырысы өтіп, «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жеткен жетістіктерге оң баға беріп, кемшін тұстарды жыл соңына дейін түзету мәселелеріне де тоқталды.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиал төрағасының орынбасары Е.Абдулманафовтың, Павлодар облыстық филиалының төрағасы Б.Қапеновтың және Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановтың есептері тыңдалды.
Осы орайда, Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановтың жұмысы үлгілі деп танылып, оның іс-тәжірибесін республиканың барлық облыстары мен қалаларына таратуды ұйғарды.
Шымкент қаласының филиалымен 2020-2021 жылдары 25 бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оған 920 адам тартылып, олардың қатары 2 есеге артқан. Оның ішінде, 2021 жылдың 9-айында жалпы 18 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оған жалпы 690 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Нәтижесінде, Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны жалпы 40 ұйымға жетіп, оған 2442 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Филиалдың құрамындағы 40 мекеменің барлығында немесе 100% ұжымдық шарт жасалып, оның ішінде 2021 жылы жасалған ұжымдық шарттар саны 21 болса, оның мерзімі келген 3 мекемеде ұжымдық шарт мерзімі ұзартылған және жаңадан кәсіподақ ұйымы ашылған 18 мекемеде ұжымдық шарт жасалып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткен.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қалалық филиалымен 34 бастауыш кәсіподақ ұйымдарында кездесулер өткізілген.
Кездесулер кезінде кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, еңбек қатынастары және еңбек қауіпсізігін сақтау, ұжымдық шартты қабылдаудың маңыздылығы, әлеуметтік қолдау, материалдық және моральдық ынталандыру, т.б. мәселерді қамти отырып, кәсіподақ қозғалысына еңбегі сіңген жалпы 122 адамға, оның ішінде ҚРКФ наградасы 1 адамға, «Қызмет» салалық кәсіподағының наградасы 19 адамға, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградасы 102 адамға табысталған.