Кәсіподақтардың басым міндеті – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қоғамдық бақылау

2021 жылғы 5 қарашада “Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар филиалы теміржол көлігі кәсіпорындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында сайланған 120 еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ алаңында оқудан өтті.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова семинарға қатысушыларға арналған сөзінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қоғамдық бақылауды жүргізуді жандандыру қажеттілігі туралы айтып өтті. Техникалық инспекторлар саны – өңірде кәсіпорындардың 840 өндірістік кеңестерінің құрамына кіретін 1223 адам.

Спикерлер ретінде “Павлодар облысының еңбек басқармасы” ММ басшысының орынбасары М.Қабжамитов “Өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі” тақырыбы бойынша, “Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ бас техникалық инспекторы К.Мұқанов “Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қоғамдық мониторингінің ерекшеліктері” тақырыбы бойынша, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалының басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері М.Иванова “Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың құқықтық жағдайы” тақырыбы бойынша баяндама жасады.

“Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Бақылаудың мақсаты салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың және кәсіптік аурулардың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғаларды дұрыс және уақтылы тергеп-тексеруді және есепке алуды, қызметкерлердің өз еңбек міндеттерін атқаруына байланысты мертігуден не денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды толық көлемде өтеуді бақылау болып табылады. Семинар осы мәселелерді зерделеуге арналды, оның нәтижелері бойынша алынған білім мен дағдыларды ескере отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларына қоғамдық бақылау жалғасатын болады”, – деп атап өтті “Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Павлодар филиалының төрағасы Р.Сабаров.