Заң клиникасында кезекті қабылдау өткізілді

Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы Заң клиникасында Орал қалалық мәслихатының депутаты, Мұстақым Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ директоры Ғұбашева Азима Зиннатқызы қабылдау өткізді.

Қабылдауда Жоғары-аграрлық техникалық колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы колледж оқытушыларының ішінде магистратура дәрежесін алған мамандарға жалақысына үстемақы қосылмау себебін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ мамандары өңірдегі ұстаздар мен сала қызметкерлерінің өтініштері бойынша сауалдар қойды. Салалық кәсіподақ ұйымының заңгер маманы Г.Құрманғазиева көпшілік мектепке дейінгі ұйымдар, мектеп-интернаттар мен балабақшаларда кір жуу операторлары қызметін атқаратын мамандарға сауықтыру жәрдемақысы мен разряд көрсеткіші төленбеу себептерін анықтау қажеттігін атап өтті.

Белгіленген мәселе бойынша аталған мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту курстарын өткізу үшін кәсіподақ саласы мамандары, білім басқармасы мамандары, кәсіптік оқыту ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен кеңес жиналысы өткізілетін болды.

Заң клиникасының басты мақсаты – кәсіподақ мүшелері үшін еңбек құқығы мәселелері бойынша ақысыз заңдық кеңес беру. Өтініш білдірушілердің назарына, еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарды Заң клиникасының заңгер мамандарына қоюына болады.

Байланыс телефоны: 8(7112) 24-32-58