Әлеуметтік қызметкерлер арасында спорттық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Ақтөбе қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және бөлімге қарасты салалық әлеуметтік орталықтар арасында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай «Көңілді старт» спорттық сайысы өтті.

Спорттық шараның мақсаты – кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шараларға қатысу белсенділігін арттыру болды. Жарыс көңілді де қызықты өтті. Үзілістерде команда жанкүйерлері әннен шашу шашты.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде мен ауыспалы кубокті «Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтың» «Алау» командасы, І орынды Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, ІІ орынды «Жәрдем» орталығының «legion» командасы алса, ІІІ орынды Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының «Алғыр» командасы мен Ақтөбе қаласының жұмыспен қамтуды уйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Qamqor» командалары иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.