Статистика күні лайықты атап өтілді

2021 жылғы 8 қараша күні «Статистика күні» мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінде әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы бірлесе ұйымдастырған салтанатты іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы  Серік Әуесханов қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының гимнімен ашып, алғашқы құттықтауға сөзге департаменттің басшысы Сырым Мәдиев шығып, департамент қызметкерлерін «Статистикаға 101 жыл» толу мерекесімен құттықтап, қызметкерлердің саладағы жеткен жетістіктерін ерекше атап өтіп, жалпы 44 адамға Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының наградаларын, оның ішінде 14 адамға «Статистика үздігі» төсбелгілерін, 15 адамға «Құрмет грамоталарын» және 15 адамға «Алғыс хаттарын» табыстады.

Кезекті құттықтауға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов шығып, департамент қызметкерлері мен кәсіподақ мүшелерін «Халық санағы» жұмыстарын нәтижелі аяқтауымен және «Статистика күні» мерекесімен құттықтап, кәсіподақ қозғалысының жұмыстарына белсенді үлес қосып жүрген департаменттің 7 кәсіподақ мүшесіне «Құрмет грамоталарын» табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамоталарымен» Жақаев Естай Әбдірәсілұлы, Түебақова Бахыт Әшімқызы, Сансызбаева Гүлжан Хасымқызы, Балтабай Ерсұлтан Бахытұлы, Ержан Бексұлтан Бауыржанұлы, Көбеева Гаухар Қожагелдіқызы, Едіге Нұрбақыт Еркінұлы марапатталды.

Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.