2021 жылғы 9 қарашада Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында баламалы әдіс – медиацияны пайдалана отырып, еңбек дауын шешу тәжірибесімен кәсіби медиатор, заңгер Татьяна Беляева бөлісті.
Т.Беляева “Әділет лигасы” ЖБК заң кеңесшісі, кәсіби медиатор және “Медиацияны дамыту орталығы” РҚБ Павлодар облысы бойынша “INTERNATIONAL MEDIATION CENTRE”(IMC) RPA директоры болып табылады. 2017 жылдан бастап медиация институтын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. IMC және АХҚО ХТО арасында Меморандумға қол қойылған сәттен бастап Халықаралық медиатор бола отырып, “Халықаралық медиация” жобасын белсенді қолдайды.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап АХҚО ХТО алаңында даулар мен жанжалдарды реттеу жобасына енгізілді. Медиатор Т.А. Беляеваның қатысуымен даулардың 70% оң шешімін табады.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің шақыруы бойынша Т.А. Беляева “Татуласу орталығында” азаматтарды қабылдады, оған қойылған барлық сұрақтарға, оның ішінде 87088614656 жедел желіге келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
Қабылдау аясында медиатор Т.А. Беляевамен “Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы П.Е. Сурма кездесті, ол Павлодар облысы билер кеңесінің мүшесі ретінде татуласуда үлкен тәжірибеге ие. Әңгімелесу барысында татуласу тәжірибесімен алмасу мәселелері қаралды, еңбек қатынастары саласындағы түрлі даулы жағдайлар және оларды шешу тәсілдері талқыланды.
Қабылдау аясында жүгінген ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкері медиатор Т.А. Беляевадан “Медиация туралы” ҚР Заңына сәйкес медиацияны жүргізу рәсімі туралы егжей-тегжейлі кеңес алып, жұмысқа қайта алу бойынша дау бойынша медиация рәсімін өткізуді сұрады.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жедел желісіне отбасылық қатынастар саласындағы татуласу мәселелері және жол-көлік оқиғасы процесінде келтірілген зиянды өндіріп алу мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер екі тараптың келісімімен медиация рәсімін жүргізу мүмкіндігін айқындау үшін ерекше бақылауға алынды.
Азаматтарды қабылдау мәселелері бойынша медиатор Т.А. Беляевамен ынтымақтастық жүйелі негізде жалғасатын болады.