Кәсіподақ қатары жаңа бастауыш ұйым мүшелерімен толығуда

Тұрғын үй-коммунальды шаруашылық және құрылыс саласы еңбеккерлерінің Салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы қатары тағы бір бастауыш ұйыммен толықты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезінде қабылданған кәсіподақтар қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы қарқынды жүргізілуде.

Акция аясында Ақтөбе облыстық филиал төрағасы Қуанбай Коктов бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижелі жұмыстың арқасында бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлері кәсіподақ мүшесі болды. Кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Гүлжан Оразмағамбетова сайланды.