Білім қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтуде

Ағымдағы жылдың 10-12 қараша аралығында Орал қаласында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева, маман Гүлзат Бралина жетекшілігімен «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу коммиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында үш күндік оқыту семинары басталды.

ҚР Еңбек кодексінің 159-бабының 8 тармағына сәйкес, Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға қолжеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқытылады.

Осыған орай, оқыту семинарына қалалық білім беру саласындағы кәсіподақ ұйымдарының Келісу комиссиясы мүшелері – жұмыс берушілер мен жұмыскерлерінің өкілдері қатысады.
Атаулы семинарда қатысушыларға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашеваның атынан сертификат беріледі.