Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ревизиялық комиссиясы аудандарды аралап, қаржы мамандарына әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен бірге, кәсіподақ жарналарын төлеу, бөлу және жұмсау тәртібінің орындалуын тексерді.
Есепшілер Алға, Темір, Қарғалы және Хромтау аудандарындағы кәсіподақ ұйымдарында мүшелік жарналардың дұрыс саналуы, толық және уақытында төленуін, шығыстардың заңдылығы мен тиімділігі, құрылған фондтарды пайдалану қажеттігі, кәсіподақ бюджеті мен сметасының орындалуы, қаражат және статистика есептерінің дұрыстығына көз жеткізді.