«Мәслихаттардың потенциалы мен рөлін күшейту» тақырыбында оқу өтуде

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев әріптестерімен бірге «Мәслихаттардың потенциалы мен рөлін күшейту» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысуда.

Семинар облыстық мәслихатта «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ұйымдастыруымен өтуде. Семинар барысында мәслихаттардың қызметінің ұйымдастырылуы және оның құзыреті, депутаттардың құқықтары мен міндеттері туралы оқу жүргізіліп, сайлаушылармен депутаттардың тиімді байланысын орнату формалары қарастырылуда.