Лайықты еңбекке — лайықты баға

Демалыс күндеріне қарамастан, сенбі және жексенбі күндері Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ұжымдарының мәселелерін шешу бойынша келісім комиссиясының жұмысы жалғасты.

Бұл күндері кәсіпорындарда орын алған барлық жазатайым оқиғаларға мониторинг жүргізу, пайдалану мерзімі бойынша техникалық жарамсыз, ескірген автобус паркін жаңарту және ауыстыру, жерасты жағдайында жұмыс жүргізетін «Спецшахтомонтаждегазация» басқармасының қызметкерлері үшін арттыру коэффициентін енгізу мәселелері талқыланды.

Компания нормативтік сан мен штат кестесінің актілерін ағымдағы жылдың соңына дейін әзірлеуге, кейіннен еңбек ұжымының талқылауына шығаруға кірісуге, сондай-ақ тау-кен-геологиялық жағдайлардың өзгеру себептері, өндірістік процестерді ұйымдастыруға қатысты мәселелер, жабдықтың технологиялық тұрып қалуы бойынша, жұмыскерлерге тәуелсіз себептер бойынша, жоспарлы өндірістік тапсырмаларды түзетудің ішкі рәсімі бойынша нормативтік актіні әзірлеуге келісті.

Компания әкімшілігінде төлемдер бойынша іс жүзінде қолайлы ұсыныстар бар: еңбек сіңірген жылдары үшін, он үшінші жалақы үшін, 2021 жылғы инфляцияны ескере отырып, жалақыны индекстеудің жаңа тәсілдері.

Комиссия жұмысы өндірістік, әлеуметтік-экономикалық диалог форматында өтетінін айта кету керек, сонда да, жұмысшылар жағы ірі әлемдік болат құю компаниясы “ArcelorMittal” акционерлерінен кеншілер-металлургтер отбасылары үшін лайықты өмір шындығына сай келетін Еңбек Адамдарының жалақысын нақты көтеру бөлігінде оң шешім күтеді.

Комиссия құрамында еңбек ұжымдарынан сайланған сегіз көмір шахтасының өкілдері, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ зауыт басқармасының өкілдері, «Жақтау» металлургтер, «Қорғау» көміршілер кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және «Өркен Атасу» қызметкерлері, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Тау-кен металлургия компаниясының басшылары жұмыс істейді.