Кәсіподақ мүшелеріне жолдама берілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Байғанин ауданының білім кәсіподағы белсенді кәсіподақ мүшелеріне сый жасады.

Күзгі каникул кезінде ауданның 30 педагогы еліміздің шипажайларында тынығып, денсаулықтарын нығайтты. Ұстаздар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есебінен «Зəру» шипажайында, «Мерке» емдеу-сауықтыру орталығында демалды.

«Зәру» шипажайында маралдың сүйектенбеген жас мүйізінен панты алып, ем жүргізіледі. Орталыққа келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы ванна қабылдау, массаж кабинеттері жасақталған.