Кәсіподақ мүшелерінің еңбегі еленді

15 қараша – ұлттық валюта күні. Бұл күн Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен ұлттық экономикамыздың іргетасын қалаған төл теңгеміздің туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Мерекеге орай Қобда аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы білім бөлімімен бірлесіп ауданның білім саласының қаржы ресурсын жоспарлау мен дамытуда кәсіби шеберлігімен дараланған мамандарды марапаттады. Есепшілер облыстық білім басқармасы, салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы, білім бөлімі мен аудандық білім кәсіподағының алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Сонымен қатар, білім бөлімінің экономист маманы Н.Абишеваға кәсіподақ ұйымынан атынан шипажайға жолдама берілді.