Кеншілер кәсіподағының көшбасшысына құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде 2021 жылғы қаңтарда «NurOtan» партиялық тізімі бойынша Қаражал қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған кәсіподақ көшбасшысы Ләззат Қошмағамбетоваға құрмет көрсетілді.

Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы атынан – «ҚАЗМЕТАЛЛКӘСІП» Салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағының «Өркен Атасу» қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Ләззат Қошмағамбетоваға белсенді кәсіподақтық және депутаттық қызметі үшін Алғыс хатты салтанатты түрде табыс етті.

Бүгінде Ләззат Аманғазықызы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлерінің, соның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының кеншілері мен металлургтерімен бірлесіп, темір-кен департаментінің Қаражал қаласындағы «Өркен Атасу» ЖШС жерасты және қосалқы жұмыстарымен айналысатын кеншілерінің әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты мәселелерді қарауға белсенді қатысады.