Қызылордалық кәсіподақ белсенділері ағымдағы жылға жоспарланған кесте бойынша Кәсіподақтар федерациясымен ұйымдастырылып жатқан оқу марафонына қатысты.
Оқу марафонының модераторы, Федерация төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев қатысушыларға арналған алғы сөзінде алдағы уақытта оқу семинарларының жаңа бағдарламалары даярлануы аясы туралы айтып өтті. Солтүстік Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығының бас маманы Людмила Голенкова оқу барысында ұйымдардағы Ұжымдық шарттарда Еңбек Кодексі нормаларын дамыту жолдары туралы ақпаратпен бөлісті. Дәріс беруші Еңбек Кодексінің ережелерін кәсіподақтық көзқараста Ұжымдық шарттарда толықтыру мен нақтылау маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, оқу марафонында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Татуластыру орталығының басшысы М.Иванова «Теориядан тәжірибеге: еңбек даулары бойынша сотта қаралған істердің шешімдері кейстік мысалдары» тақырыбында дәріс оқыды. Кәсіподақ белсенділерінің еңбек заңнамалары бойынша біліктілігін арттыру мақсатындағы онлайн оқу марафонына Қызылордалық қатысушылар тарапынан семинар оқулардың тиімділігі мен жұмыс барысында қолданылуы жайлы оң пікірлер білдірілді.