2021 жылғы 17 қарашада Дүниежүзілік балалар күніне орайластырылған іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында “Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті заңнамалық реттеу, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету” атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге онлайн форматта Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Д.Н. Айтжанова қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы В.В. Волков және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дизен құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел спикерлері ретінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары М.К. Баймұқашев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі Б. А. Асылова, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.А.Әзімова, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Саин Аружан, “Қазақстанның Балалар Қоры” Басқармасының Төрағасы, балалар қорларының дүниежүзілік қауымдастығының вице-президенті Э.А.Ватлина, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі, Nur Otan партиясы жанындағы балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Диана сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың өмірі үшін қолайлы, қауіпсіз және мейірімді ортаны қалыптастыру саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады.
Дөңгелек үстелді іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Лаззат Жаңылысқызы қорытындылады.