Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында бастауыш ұйымда мерекелік шара өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» 20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлығы аясында «Қуан сәби» атты бірнеше мерекелік іс-шаралар өткізіп отыр.

Іс-шараның басты мақсаты – 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялағандай “Балаларды бақытты балалық шақпен қамтамасыз ету”.

Мекеме тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Балалар үшін өнерпаз оқушылар ән шырқап, би билеп, еріктілер түрлі ойындар ұйымдастырып, концерт соңында түрлі сыйлықтар таратты.

Сонымен қатар, акция аясында әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Ш.Сейітқалиев педагогтар мен күтім жөніндегі қызметкерлерге «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында дәріс берді.