Жәнібек аудандық кәсіподақ мүшелері арасында волейболдан жарыс өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жәнібек аудандық білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысты өткізу мақсаты – Тәуелсіздігіміздің құндылығын дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа 13 команда, соның ішінде 10 мектеп командалары, мектепке дейінгі білім беру ұйымының командасы, қосымша білім беру ұйымының командасы және М.Ықсанов атындағы колледж командасы қатысты.

Кәсіподақ ұйымдары арасындағы волейбол жарысы жоғары деңгейде өтіп, жеңіске жеткен командалар анықталды. Олар: М.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі – 1 орын, М.Ықсанов атындағы колледж – 2 орын, ал 3 орынды Қосымша білім беру ұйымынан жасақталған команда иеленді.

М.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері Е. Ерлановқа «Үздік шабуылшы», Н.Губайдуллинге «Үздік тосқауылшы» номинациялары және мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Н.Мизамбаевқа «Үздік қорғаушы» номинациясы берілді.

Жәнібек аудандық кәсіподақ төрайымы А. Нұрғалиева волейбол жарысынан жеңіске жеткен командаларды кубок, медаль, диплом және сыйақылармен марапаттады.