Кәсіподақ мүшесі Әлем чемпионы болды

2021 жылғы 12-14 қараша аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында самбодан ерлер мен әйелдер арасында, сондай-ақ жауынгерлік самбодан ерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Онда жеңіс үшін 50 елдің өкілдері, соның ішінде Қазақстан спортшылары күресті. Турнир 7 салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған алғашқы әлем чемпионаты болды.

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде самбодан спорт шебері Рахат Жананиет әлем чемпионы атанды, ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желінің Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының Электр механигі болып жұмыс істейді және Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының кәсіподақ мүшесі болып табылады. Рахат Жананиет Шет ауданы, Ақадыр ауылында дүниеге келген және өзінің 26 жасында темір жолдағы жұмысын, екі ұлдың тәрбиесі мен жаттығуларын шебер үйлестіріп қатар алып жүреді.

Әлем чемпионы атану – Рахаттың бала кезінен арманы еді. Рахаттың алғашқы спорттық жетістіктері 2014 жылы Ташкент қаласында самбодан өткен Азия чемпионатында лайықты І орынға ие болды. 2018 жылы Беларусь астанасы Минск қаласында самбодан I орын алды. 2020 жылы Рахат Жананиет самбодан Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында III орын алып, әлем жүлдегері атанды.

2021 жылғы 18 қарашада әлем чемпионы Рахат Жананиетті жеңісімен теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Яхия Альмусин құттықтап, оның табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, өткен чемпионат самбо тәртібін Халықаралық Олимпиада комитеті мойындағаннан кейін өткізілген бірінші чемпионат екенін атап өтіп, Олимпиада ойындарында жеңіс тіледі.