Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы төрайымы А.Есекенова және бірқатар салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары “Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сахипов Ғарапша Әділұлының мерейлі туған күніне орай өткізілген іс-шараға қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Аталған шараға Батыс Қазақстан обылысы әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұлов, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Ж.Халиуллин, ауыл шаруашылық саласы ардагерлері Р. Суербаев, К. Шалабаев қатысты.