«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев Qazaq radiosy меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбекке сұхбат берді.
Бауыржан Ілімшеұлы кәсіподақтың қазіргі қоғамдағы рөлі, ҚР Кәсіподақтар федерациясының мақсаты, кәсіподақтардың халықаралық ұйымдармен байланысы, бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланысы, «Қоғамдық кеңестерде» кәсіподақ ұйымдары кәсіподақтардың көтеріп жүрген мәселелері аясында бірқатар сауалдарға жауап берді. Сұхбат Qazaq Radiosy-нда 20 қараша күні «Шымкент сағаты» бағдарламасында жарық көрді.