Көміршілердің еңбек құқықтарын қорғауда – “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағының басты назарында

Екібастұз көмір кенішінде жұмыс істейтін “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы өз қатарында 3700-ден астам қызметкерлерді біріктіреді. 2021 жылы “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы атқару комитетінің 10 отырысы өткізілді.

“Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағына компанияның 612 қызметкері – “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағына мүшелері қайырымдылық көмекке жүгінді (9 179 189 теңге), демеушілік көмек те көрсетіледі.

“Богатырь Көмір” ЖШС ұжымында салауатты өмір салтын қолдау үшін “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы 2021 жылға арналған “Промсервис – Отан” жабық мұз айдынын жалға алу шартын ұзартты. Жыл басынан бері мұз айдынына 300-ден астам қызметкер мен олардың отбасы мүшелері тегін келді.

Салауатты өмір салтын қолдау және “Богатырь Көмір” ЖШС қызметкерлері мен зейнеткерлерді сауықтыру үшін № 10 орта білім беру мектебінде бассейнге тегін кіруге шарт жасалды. Жыл басынан бассейнге 700-ден астам қызметкерлер мен зейнеткерлер келді.

Жергілікті “Батыр Көмір” кәсіподағының ардагерлер кеңесінің қолдаухаты бойынша аз қамтылған зейнеткерлер мен ардагерлерге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Зейнеткерлерге дәрі-дәрмектерді емдеуге және сатып алуға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Ардагерлер 10 мектептегі бассейнге және “Табиғат күші” сауықтыру орталығындағы тұзды үңгірге тегін барады.

2021 жылдың 11 айында “Ангел” сауықтыру фитнес-орталығына 354 қызметкер және теннис орталығына 185 қызметкер келді.

“Богатырь Көмір” ЖШС ӨБК базасында техникалық инспекторларды оқыту және білімдерін тексеру жүргізілуде.